13 ақпан күні "Гранд Виктория" қонақүйінде "Ход королевы" атты шахмат турнирі өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Бұл туралы «Дебют» шахмат мектебінің басшысы Анвар Шайхымов өзінің фейсбук парақшасында жазды.
"Бұл іс-шара жылдың ең жарқын шахмат оқиғасы болатынына еш күмәнім жоқ. Мұның бірнеше себептері бар:
- Тек қана қыздар қатысады және міндетті түрде дресс-код болады.
- Турнирлік залға The Old Forester English Pub таңдалды, оның интерьері барлық қатысушылар мен көрермендерді өткен ғасырдағы Англияға сапар шектіреді.
- Турнирдің басты қонағы қыздар арасында бес дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева.
- Турнирге танымал шоумендер мен фотографтар қызмет көрсетеді және тағы басқа да қызықты оқиғалар болады", деп жазды ол.
Сонымен қатар, барлық қатысушыларды естелік кәдесыйлар, ал жеңімпаздарға қомақты ақшалай сыйлықтар табысталады. Турнир сағат 11:00-де басталады. Турнир барлық санитарлық нормаларға сай өтеді.