Қазақстанда 25 – 31 қаңтар аралығында коронавирус инфекциясынан 64 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өңірлер бойынша: Алматы қаласында - 23; Павлодар облысында - 8; Алматы облысында - 6; Қарағанды облысында - 6; Нұр-Сұлтан қаласында - 4; Шымкент қаласында - 4; Ақмола облысында - 3; Шығыс Қазақстан облысында - 2; Батыс Қазақстан облысында - 2; Қостанай облысында - 2; Атырау облысында - 1; Жамбыл облысында - 1; Маңғыстау облысында - 1; Қызылорда облысында - 1.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 192 825 адамнан анықталса, оның 173 659-ы жазылып шықты. Қайтыс болды – 2540 науқас.