Бейнеу ауданында 28 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарының сайлауы таңғы сағат жетіде басталды.
Сайлау учаскелері әнұран орындалуымен ашылды.
Сарға ауылындағы №131 сайлау уческесінде алғаш болып аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбыров Сұлтан Талпақұлы өз таңдауын жасады, делінген Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жабдықталған.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.