Бұл туралы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті.
«Бұл дегеніміз - мәжіліске, аудандық, қалалық, облыстық мәслихатына үш бюллетеньмен дауыс беріледі. Оның ішінде облыстық мәслихатқа 4 партиядан үміткер бар. Ал, аудан, қалаларда әр түрлі. Бір жерде 3 партия қатысады. Мәселен, «Ауыл» партиясының өкілдері ауданда болса, қалада жоқ. Адал партиясы да бір аймақта бар болса, бір ауданда жоқ», - деді Асқар Рзаханов.