Қарақия ауданындағы сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарының сайлауы таңғы сағат жетіде басталды.
Сайлау учаскелері Гимн орындалуымен ашылды.
Құрық ауылындағы №147 сайлау уческесінде алғаш болып Күреңтай Ізбергенов өз таңдауын жасады. Бәрінен ерте келген сайлаушыға «Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен ортасы» атты кітап сыйға тартылды, делінген Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қарақия ауданында 16 сайлау учаскесі және 1 аумақтық учаске жұмыс істеп тұр. Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жабдықталған.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.