Бейнеу ауданындағы Сыңғырлау ауылының тұрғыны 94 жастағы еңбек ардагері Айым Есбергенов №133 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Ол ел келешегі үшін саяси науқанда азаматтарды белсенді болуға шақырды, деп хабарлайды Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жалпы Сыңғырлау ауылында 327 сайлаушы бар. Айым ақсақал сайлау учаскесіне жиырма бірінші болып тіркеліп, өз таңдауын жасады.
Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жабдықталған.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.