Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қарақия орталық мешітінің жанынан құралған "Фирдаус" еріктілер тобы екі қой сойып, құран бағыштады.
Бұл күні Қарақия аудандық орталық мешіті 12 отбасына азық-түлік таратып, тұрмыс тауқыметін тартқандардың мұңын сейілтіп, алғысын арқалады.
"Өздеріңізге белгілі төтенше жағдай жарияланғанда, пандемия кезінде еріктілер белсенді түрде қызмет етті. Олардың ерлігі ерен. Қазіргі уақытта ерікті болғысы келетін азаматтар санының өсуі байқалып келеді. Айта кетейін, Қарақия аудандық орталық мешітінің жанынан құралған "Фирдаус" еріктілер тобы жақында ғана өз жұмысын іске асырған болатын. Бар жоғы үш айдың ішінде ауданымыздағы 50 жағдайы төмен отбасына азық- түлік таратылып, 27 отбасына қыстық аяқ-киімдер үлестірген болатын. Сондай-ақ, 1 түйе сойылып, құрбандыққа шалынды. Және де апта сайын 5 отбасына азық-түлік таратылады. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады дейді",- дейді Қарақия аудандық орталық мешітінің найб имамы Жансерік Тутаев.
Әрине, еріктілердің дінге деген жылы көзқарасымен жылағанға жұбаныш, құлағанға қуаныш сыйлай білген игі істері көңіліңді тойдырады екен.
Айта кетелік, елдікті ту еткен еріктілер ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік ұғымын қастерлеуге шақырып, көпшілікке Ту таратты.
Фариза Хайдарова