"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Ерген Сыражан, Гүлден Иманғалиев, Шамсадин Гусейнов, Андрей Могилин "Берекет-Ф" ЖШС ұжымымен кездесті. “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылдағы жұмыс жоспарын айтып өтті. Өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамытуға басымдық берілгені сөз етілді. Кәсіпкерлер үшін салық режимі жеңілдетіліп, жаңа жұмыс орындарын құру үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. Жаңа жобаларды жүзеге асыру, бизнеске оқыту, қайтарымсыз грант бөлуді көбейту секілді жұмыс қатары бар.
Үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы еліміздегі өзгерістердің нақты жоспары бар екендігінің дәлелі деп атап өтті. Сондай-ақ алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыра алатын команда бар. Сайлауалды штаб мүшелері зауыт қызметкерлерін өз қатарларына қосылып, 10 қаңтарда өз таңдауларын жасауға шақырды.
Серіктестік қызметкерлері партияның бағдарламасына көңілі толатындықтарын айтып, нұротандықтарды қолдайтындықтарын жеткізді. Бастауыш партияның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Сайлау қоры қаражатынан төленді