10 желтоқсан 18.00-де елімізде алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы орайда "Nur Otan" партиясы «Есіктен есікке» акциясын қолға алып, саяси науқанды жанды форматта жүзеге асыруда. Бұл акцияға партияның облыстық филиалы, депутаттыққа үміткерлер белсенді атсалысуда.
17 желтоқсан күні Мұнайлы ауданы Батыр ауылында дәл осы акция аясында ауыл халқымен жүзбе-жүз кездесулер өтті. «Nur Otan» партиясының Мұнайлы аудандық сайлауалды штабының мүшелері Біләлов Берік Жарылғапұлы, Бимембетова Гүлфайруз Асанқызы, Жанжігітова Мадина тұрғындарының шаңырақтарына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партия төрағасы Елбасымыздың ел тәуелсіздігін сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылуы жолында еткен ерен еңбегін айтып, бейбіт тіршілігіміз сол кісінің арқасы екенін жеткізді. Мұнайлы ауданын экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыту бағытындағы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. "Nur Otan" партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екенін айтып, тұрғындардан мазалаған мәселелері жөнінде сұрады.
Ауыл халқы да өз тараптарынан алғысын білдіріп, үйме-үй аралап ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді