Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының бесінші күні, яғни 15 желтоқсанда Бейнеу ауданында Бейнеу политехникалық колледжі ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Рахметулла Исатаевтың сенімді өкілі Сарсен Усенов колледж қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Алдымен 2020 жыл әлем халқы үшін үлкен сынақ болғаны айтылып, көптеген мәселелерге жекелей қарауға әрі адамның өмірі мен денсаулығы – мемлекет үшін маңызды екенін тағы бір мәрте аңғарумызға септігі тигенін жеткізді. Карантин шараларына қарамай партия жұмыс жасауын тоқтатқан емес. Елбасы тапсырмасымен республика көлемінде «Birgemiz» акциясы жүргізіліп, нәтижесінде облыс бойынша әлеуметтік әлсіз топқа жататын 7 санаттағы 28304 адамға қаржылай көмек көрсетілді. Одан бөлек жеке кәсіпкерлер, ерікті тұрғындардың көмегімен 10 мыңдай отбасыға азық-түлік салынған себеттер үлестірілді. Ел басына қиын қыстау кезең туғанда халықпен бірге болған партия, алдағы уақытта да мемлекетіміздің дамуы жолында бірге болуды нақты мақсат етіп қойып отыр. Осы орайда жиынға қатысушылардан партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырды.
Жиында сонымен қатар «Nur Otan» партиясының Бейнеу ауданын дамытудың 7 басым бағыты таныстырылды. Құжатта аудандағы жұмыссыздық мәселесі басты назарға алынып, аудан халқы жұмыспен қамтылуы үшін жаңа жұмыс орындарын құру, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау көзделуде. Сайлауалды бағдарламада бұдан бөлек ауданды дамытуға арналған басқа да салалар бойынша негізге алынған жұмыстар баяндалып, қатысушылардың пікірлері, сауалдары тыңдалды. Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша штаб мүшесі сұрақтарды тиісті мекемелерге жеткізіп, хат жіберіп, бақылауға алатындарын мәлім етті. Кездесу соңында еліміздің көшбасшы партиясы - "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.