2017 жылы саяси жүйе жаңғырды. Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта бөлініп, парламенттік партияның атқарушы билікке ықпалы күшейді. «Nur Otan» партиясының да жұмыс жасау бағдары жаңғырып, жаңаланды, сайлауалды бағдарлама әр өңірге сараптама жүргізіле отырып жеке-жеке жасақталды.
Партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жолында жасаған жұмыстарын тізіп шығу мүмкін емес. Партияның қызметі өткенмен тоқтамақ емес, алға жылжып, жақсару, кемелдену бағытында дамымақ. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдың әл-ауқатын көтеру, медицинаға қолдау, дәрігерлердің жалақысын көтеру, тұрақты жұмыс орындарын ашу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең мүмкіндік, қарттарға қамқорлық, сапалы білім, заң, кәсіпкерлік, жалпы барлық салада прогресс жасауға мүдделі.
Бұл ақпараттар "Сенек" ЖШС қызметкерлерімен онлайн жиында мәлімделді. Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Асылбек Жолдыбаев, Дидар Әбдірахман, Мейрамгүл Аманиязова «ZOOM» платформасы арқылы партияның сайлауалды бағдарламасына толық тоқталып өтіп, 7 басым бағытты кеңінен түсіндірді. Қызметкерлермен кері байланыс жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.