«Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штаб мүшелері және «Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен онлайн жүздесу болды. Партияның өңірді дамыту бағдарламасы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстары, маңызды құжаттары, саяси белсенділігі толығымен айтылды.
Әлеуметпен тікелей байланыста қызмет ететін жұмысшылардың қызметіне байланысты ұсыныстары, өңірдің дамуына қатысты сауалдары сұралды. Халыққа қызмет көрсету орталығы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру жұмыстары жүргізілген, жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған, халықты ғимаратқа келуге міндеттемеу мақсатында құжаттарды электронды түрде беру шаралары жүзеге асырылғандығы айтылды.
Цифрландыру саясатының негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету орталықтарының ісін оңтайландыру. Бүгінгі таңда электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметке онлайн қол жеткізу мүмкіндігі туды. Бұл әсіресе биыл әлемге таралған пандемия кезеңінде оң септігін тигізді. Әсіресе азаматтарды тіркеу, есептен шығару, құжаттандандыру, құжаттарды қабылдау сынды қызметтер түрлерін үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігі туды.
Халықпен байланыс деңгейін жоғарылату және бәсекеге қабілеттікті жақсарту мақсатында "Nur Otan" партиясы да цифрландыру жолында жұмыстанып жатқаны айтылды. Бұл өз кезегінде ақпаратқа қолжетімділікті, дереу байланысқа шығу, халықтың ұсыныстарын, талап-тілектерін, қажеттіліктерін біліп отыруға, бір сөзбен айтқанда байланысты нығайтады.
Кездесуді жүргізген облыстық штаб мүшелері Жақсыгүл Махамбетова, Людмила Меңдіғалиева, Сағатбек Жұбанов «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысы жалғаса беретінін жеткізіп, партия – барлығы үшін ашық екенін айтты. Қызметкерлер оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді