Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес мереке және демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік, азық-түлік емес базарларына келушілер саны 30%-дан аспайтын карантин талаптарын сақтай отырып, қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұл туралы облыстық ҚКО хабарлады.
Ғимараттар мен қоғамдық көліктердің ішінде адамдар санитарлық талаптар мен арақашықтықты сақтап, бетперде тағуы міндетті.
Ал, көңіл көтеретін орындардың жұмысына тыйым салынады. Атап айтқанда: караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар, сауда-ойын-сауық орталықтары мен үйлердің жанындағы мұз алаңдары, букмекерлік кеңселердің жұмысына рұқсат етілген жоқ.
Сондай-ақ, фудкорт пен банкет залдарының жұмысына тыйым салынған.
Көрмелер, форум, конференция, сондай-ақ, отбасылық, еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа, жаппай жаңа жылдық іс-шаралар (оның ішінде ертеңгіліктер, мерекелер ұйымдастыру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де шаралардың өткізілуіне думанды, ауқымды спорттық шараларға тыйым салынады.
Тек қана тамақтандыру орындарының қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
Маңғыстау облысында карантин талаптары мен мерзімі "COVID-19" коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайға байланысты өзгертілуі мүмкін.