10 желтоқсанда Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады.
Бүгін, 12 желтоқсанда ҚР Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Самат Мұсабаев, аудандық мәслихатқа кандидат Ерлан Тәжібаев пен Гүлшат Мұқанова Қарақия ауданы Жетібай ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Кандидаттар 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардағы сайлау туралы айтып, "Nur Otan" партиясының бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды. Олар өз сайлаушыларымен сөйлесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Осылайша, ауыл тұрғындарымен кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселелері басты назарда болды және кандидаттар ауыл тұрғындарын толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап берді.
Сол күні Мәжіліске депутаттыққа кандидат Самат Мұсабаев Құрық ауылындағы "Қарақия кәсіптік колледжі" МКҚК қызметкерлерімен кездесті. Колледж қызметкерлері жастарға қандай қолдау көрсете алатынын сұрады. Самат Базарбайұлы ауыл жастарын қолдауға бағытталған жұмыс жоспарлары туралы айтты. Бұл кездесуге колледж басшысы Далабай Бекмағамбетов те белсенді қатысты.
Сенбі, 12 желтоқсанда Мәжіліске депутаттыққа тағы бір кандидат Еділ Жаңбыршин Құрық ауылында "Есіктен есікке" акциясына қатысты. Еділ Терекбайұлы өз бағдарламасының негізгі тармақтары туралы айтып, ауыл тұрғындарымен әңгіме жүргізді және тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелерін тыңдады.
"Партия үшін, ең алдымен, қарапайым халықтың үміті мен арманын іске асыру маңызды. Мен бүгін тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, оларды шешуге дайынмын. Әр сайлаушының дауысы біз үшін маңызды. Сіздің таңдауыңыз - бүкіл елдің болашағын таңдау. Сіздерді 10 қаңтарда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын. Қиындықты еңсере отырып, жеңіске бірге жетейік!"- деді Е.Жаңбыршин.
Бүгін Құрық ауылында Мәжіліске депутаттыққа кандидат Оспан Қазақбаев, облыстық мәслихатқа кандидат Мейрамгүл Аманиязова құрметті ақсақал Курентай Ізбергенов пен Ержан Бегниязмен кездесті. Кездесу барысында Оспан Дәденұлы оларды "Nur Otan"партиясының бағдарламасымен таныстырды.
Кездесуге қатысушылар ел тәуелсіздігінің басты жетістіктерін - тұрақтылықты, бейбітшілікті, халықтың бірлігін атап өтіп, "Nur Otan" партиясына өз дауыстарын беруге ниет білдірді.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлау қорынан төленді