Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
31 қазан күні Атырау қаласында «Suleimen Promotions» компаниясының ұйымдастыруымен қазақстандық кәсіпқой боксшылармен қатар шетелдік спортшылар да қатысады. Жартылай ауыр салмақта сынға түсетін Бекзат Нұрдәулетов Танзания өкілі Ибрахим Маокола (14-9-1, 9 КО) мен қолғап түйістіреді.
Б.Нұрдәулетовтен басқа Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов, Данила Семенов және Абылайхан Жүсіповтер шаршы алаңға шығып, бақтарын сынайды. Титулды жекпе-жектерді тікелей эфир арқылы «Хабар» телеарнасынан сағат 22:00-де көруге болады.
Айбек МҰХАНОВ