«Каспий итбалығын бірге сақтайық» суреттер байқауының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев және табиғат пайдалануды реттеу бөлімінің басшысы Динара Еңсеген, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, «Каспий итбалығын бірге сақтайық» суреттер байқауының жеңімпазы, жүлдегерлері және қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыстады.
Байқау қорытындысы бойынша Әділет Бердібай жеңімпаз деп танылды. Ал Александра және Виолетта Коротковалар екінші және үшінші орын бұйырды. Ұйымдастырушылар тарапынан, атап айтқанда "Су жүйелері бастамалары" қоғамдық қоры ноутбук, планшеттер, ұялы телефондар, құлаққаптар табысталса, бұған дейін Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков алғыс хаттар, футболкалар және бейсболкалар табыстаған болатын.
Айта кету керек, аталмыш суреттер байқауына 18 тәрбиеленуші қатысты.