• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 21 Қазан 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Орел и Решка» бағдарламасы түсіріліп жатыр...

Спортшылар: Карантин ережесі өзгертілсін!...

Сайын Шапағатовтың 80 жылдығы аталып өтті...

Ақтауда «у шашқан» ұшаққа қатысты түсінік берді...

Кептерші: Ермекке де еңбек қажет

  • BRL: 76.46 ₸
  • HUF: 13.87 ₸
  • CAD: 325.52 ₸

Маңғыстаулық эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов еліміздің бас экологына 9 ұсыныс айтты

7 қазан, 17:04  |  Жаңалықтар

Орта Азия Рамсар өңірлік бастамасы үйлестіру комитетінің мүшесі, «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоцациясының кеңес төрағасы, «Ecojer» Қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік кеңес мүшесі, эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевке 9 ұсыныс айтты.

1. Каспий итбалығының жатақтарын сақтап, қалпына келтіру үшін Комсомол шығанағындағы Дурнев аралдарында, Тюленьи аралдарында және Кендірлі шығанағы маңайындағы аралдарда үш республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ЕҚТА) «табиғат ескерткіштерін» құруға ықпал етуіңізді сұраймын. Болашақта Каспий жағдайына, итбалықтың биологиясына, экологиясы мен этологиясына бейімделген және өндірістік қызмет пен жергілікті қауымдастықтардың шаруашылық қызметін (балық аулау, экотуризм және, болашақта, итбалықтың шектеулі аулануы) ескеретін ЕҚТА жаңа түрін заңнамаға енгізуді ұсынамын.

2. Осы жылдың басында Орта Азия Рамсар өңірлік бастамасы тапсырысымен Каспий теңізінің Қазақстан аумағындағы шығыс жағалауында сулы-батпақты алқаптардың жай-күйін экспресс-бағалау жұмыстарын жүргізгенбіз. Нәтижесінде Ақтау маңында орналасқан Қарақия-Қаракөл зоологиядық қаумалының бөлігі Қаракөл көлі Халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптарды қорғау бойынша Рамсар тізіміне кіруге лайық деп танылып, номинациялау досьесі жасалған. Енді осы жұмысты аяқсыз қалдырмай, Қаракөл көлін Рамсар тізіміне номинациялауға ықпал етуіңізді сұраймын. Егер Қарақөлге осындай жоғары халықаралық мәртебе берілсе, қаумал режимінің сақталуы қамтамасыз етіліп қана қоймай, Қазақстанның теңіз астанасы Ақтау қаласына еліміздің басқа өңірлерінен және шетелдік «бёдвочер» (құстарды бақылаушы) туристерді тартуға болар еді.

3. Оңтүстік Үстірт маңындағы Қапланқыр жонын Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына қосып, қорықтың аумағын ұлғайтуға ықпал етуіңізді сұраймын. Себебі, бұл жерде жойылып бара жатқан қарақұйрық сақталған, басқа да Қызыл кітапқа енген аң-құстар мекендейді, сондықтан Қапланқыр табиғатын барынша бүлінбеген күйінде сақтауымыз керек.

4. Табиғи және тарихи-мәдени ерекше мәні бар Бозжырада және басқа да сондай жерлерде қонақ үй, визит-орталық құрылыстарына, асфальт жол, инфрақұрылым жүргізуге жол берілмеуіне ықпал етуіңізді сұраймын. Маңғыстауда көпшілікке қолжетімді туризмді дамытудың қажеті жоқ. Біздер Ақтауға тиіп тұрған Қаракөл көлінде қаумал режимінің сақталуын қамтамасыз ете алмай отырмыз, 43 шақырым, Саура, Тамшалы сияқты оазистеріміз қоқысқа толы. Эко және этно туризмді дамыту керек, жергілікті халықты үйретіп алып. Демек, ауыл тұрғындарының өздері туристерге киіз үйлерін жалға беріп, олар үшін монша жағып, ат пен түйеге отырғызып серуендетіп, қазақтың ұлттың тағамдарын дайындап, жолсерік және гид ретінде жалданып, киіз, көрпе, ұлттық қолөнер бұйымдарын сатып және т. с. с., яғни жергілікті қызметтердің барлық түрлерін көрсете алар еді. Және ол үшін қомақтай инвестиция тартып, яғни визит-орталықтарының, қонақ үйлерінің құрылысын жүргізіп, асфальт жол салудың қажеті жоқ. Батыс турист бізге бүлінбеген табиғатымызды тамашалау үшін келеді, комфорт үшін емес, одан ол әлдеқайда шаршаған. Оны біздің жабайы аң-құстарымыз, тау-ойпаттарымыз, салт-дәстүрлеріміз, ұлттық киіміміз, шұбатымыз бен қымызымыз қызықтырады, ол адай жылқысы мен түйеге отырғысы келеді, домбыра мен қобыздың әуендерін тыңдап, кәдімгі ауылдың киіз үйіне қонғысы келеді. Осылар үшін ол бізге келуі мүмкін, сәулетті қонақ үй мен визит-орталық және квадрацикл мен джип-турлар үшін емес.

5. Осыдан 8 жыл бұрын Маңғыстау облысында «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи парк және осы паркке қарасты алты табиғи қаумал құрылған. Дегенмен, әлі күнге дейін өңірлік парк өзінің негізгі қызметтерінің бірі экотуризммен тиісті дәрежеде айналыса алмай отыр. Оған себеп – жергілікті мәні бар ЕҚТА көрсететін қызметтерге тариф бекітілмегендіктен туристерге қызмет көрсетуге мүмкіндіктері болмай отыр. Сондықтан жергілікті мәні бар ЕҚТА көрсететін қызметке тарифті бекіту үшін министрлігіңіздің тарапынан типтік Ереженің бекітілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.

6. Жануарлар мен өсімдіктер түрлерін Қызыл кітапқа енгізу үшін нақты критерийлерді бекітіп және енгізілген әр түр бойынша Қызыл кітаптан шығару үшін мақсаттық бағдарламалар жасап, олардың орындалысының қатаң қадағалануына ықпал етуіңізді сұраймын. Мысалы, ителгі мен қарақұйрық еліміз егемендік алмастан бұрын Қызыл кітапқа енгізіліп, ондаған жылдар бойы шыға алмай келе жатыр, керісінше, олардың жағдайы жылдан жылға нашарлануда. Ал киіктің саны Қызыл кітапқа енгізілмей ақ өсті, әсіресе Орал популяциясы. Сонымен қатар, аңшылық-кәсіптік маңызы бар түрлер бойынша жеке тізім жүргізуді ұсынамын: бұл киік, арқар, уриал, қарақұйрық, каспий итбалығы және т. б. Осы түрлер бойынша қалпына тез келтіретін механизм болып табылатын тұрақты пайдалануды қолдау керек. Мысалы, экотуризм объектісі ретінде пайдалану немесе олжалы аңшылық арқылы. Олар жергілікті қауымдастықтарды экономикалық ынталандыру механизмі болып табылады, яғни сақтауға қызығушылығын оятады.

7. Каспий итбалығын Қызыл кітапқа енгізу процесін уақытша тоқтатуға ықпал етуіңізді сұраймын. Бірінші себебі алдыңғы ұсынысыма байланысты, яғни қазіргі таңда бұдан пайда жоқ. Екінші себебі Қазал кітапқа енген жануарды зерттеп жүрген ғалымдар үшін бюрократиялық кедергілер пайда болады, мысалы, салмағы мен мөлшерін өлшеу үшін көптеген рұқсат қағаздарын алу керек болады. Заңды түрде рәсімдейін десе, уақыты жоғалып, зерттеу сапасына кері әсер етеді, ал егер заңды рұқсатсыз зерттесе, үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Сонымен қатар, егер қарапайым балықшы өзінің балық аулайтын ауынан итбалықты құтқарып жатқан кезде жануар өліп қалса немесе өлі күйінде табылса, балықшы үшін құзырлы органдар тарапынан проблемалар туындауы мүмкін. Сол үшін ол ауына түсіп қалған итбалықтан ешкім көрместен бұрын тезірек құтылудың амалын жасайды. Және бір жағдай. Мысалы, егер қазір Ақтауда итбалық майының 100 гр қара нарықтағы бағасы 5 мың теңге болса, ертең ол Қызыл кітапқа енген соң бағасы он есе немесе одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Яғни, біздер өз қолымызбен коммерцияланған браконьерлікке жол ашып беруіміз мүмкін. Сондықтан, біздер егер итбалықты шынымен сақтап қалғымыз келсе, жергілікті балықшыларды итбалықты сақтап қалуға ынталандыруымыз керек. Ол үшін қазірден бастап болашақта, итбалықтың саны бір қалыпқа келген соң, жергілікті балық аулаушы бригадаларға итбалықты шектеулі аулауға рұқсат беру мәселелерін жан-жақты қарастыру керек. Сонымен қатар, осы жергілікті қауымдастықтардың негізінде экотуризм дамытуға жағдай жасалыну керек. Итаблықты қорғауға ниет білдірген балықшыларды «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоцациясы маңындағы Биоресурстарды қорғау бойынша қоғамдық инспекцияға кіргізе беруге болады.

8. Қазіргі таңда Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының аумағында биоалуантүрлілікті сақтау бағытында «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоцациясы маңындағы Биоресурстарды қорғау бойынша қоғамдық инспекциясы өз жұмысын жасап бастады. Осы бағытта құзырлы орган болып табылатын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және оның құрылымдарымен бірлескен қызмет атқару үшін ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум жасауға ықпал етуіңізді сұраймын.

9. Келтірілген залалды өтеу бойынша талап сомалары өндірілетін қаскерлік фактілерін анықтауға тікелей қатысқан азаматтарды талап соманың 30% кем емес мөлшердегі материалдық ынталандыру туралы нормативті құқықтық актінің жасалуына бастамашылық етуіңізді сұраймын. Қазақстанда жануарлар дүниесін қорғаудың тиімділігінің жоғары болмауының негізгі себебі – мемлекеттік инспекторлар мен жергілікті қауымдастық өкілдерінде материалдық қызығушылықтың болмауында. Қаскерлік фактісін олар анықтаса да, анықтамаса да – жалақының мөлшеріне әсер етпейді. Егер келтірілген залалды өтеу ретінде қаскерден өндірілетін соманың бөлігі сол қаскерді ұстауға қатысушыларға таратылатын болса, табиғатты шынымен қорғағысы келетіндердің саны едәуір көп болушы еді. Ең бастысы – жемқор инспекторлар үшін қаскерден пара алу тімсіз болады, себебі өз қызметтерін дұрыстап атқара отырып та жақсы табыс таба алады. Және мемлекет бюджетіне де ешқандай салмақ түспес еді. Осы жүйе кеңес заманында нәтижелі жұмыс жасаған, сол кезде Қазақстан даласында киіктердің саны, кейбір мәліметтер бойынша, екі миллионға дейін жеткен, ал олардың еті арзан диетикалық өнім ретінде қоғамдық тамақтану ұйымдарына жеткізіліп тұрды.

546
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ыстамбұлдан келген 11 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылды

Келесі жаңалық

Қазақстанда карантин желтоқсанда енгізілуі мүмкін – министр үш сценарийді жариялады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Байланыс мәліметтеріМұнайлыEXPO - 2017Маңғыстау жаңалықтарыЖаңаөзен - 50 жылАуыл өміріҚарақияБіле жүріңізТағайындауРедакцияҚызық дерекАудан тынысы

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысында модульдік инфекциялық аурухана ашылды

    Кеше 17:42
    122

    12 және 18 қазан аралығында облыста коронавирустан 1 адам көз жұмды

    Кеше 15:00
    57

    Бекіре тұқымдас балықты заңсыз сақтаған тұрғынға сот үкімі шықты

    19 қазан, 12:33
    168

    Маңғыстауда тағы 1 адамнан коронавирус анықталды

    19 қазан, 09:35
    121

    Армен Саакян "Бала дауысы" ән байқауының Гран-при иегері атанды

    18 қазан, 14:50
    145

    Облыста тағы 1 адамнан коронавирус анықталды

    18 қазан, 11:03
    140

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»