ҚҰРМЕТТІ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР!
Бас санитарлық дәрігердің 18 қыркүйек күні шыққан қаулысының күшінде екенін естеріңізге саламыз.
Мәселен, монша, сауна, СПА орталықтары 30 пайыздан аспайтын жағдайда демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат. Сонымен қатар сенбі, жексенбі күндері шаштараз, сұлулық салондары, фитнес орталықтар да ашық болады.
Ал, сауда ойын-сауық орталықтарына әлі де демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған. Тек дүйсенбі-жұма аралығында рұқсат берілген.
Толығырақ облыстың бас санитар дәрігері Ғ.Надуевтің қаулысында.