Түпқараған аудандық сотында ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай, Ш. 02.08.2020 жылы Форт-Шевченко қаласында мас күйінде полиция қызметкерін балағаттап, қорлаған. Сот үкімімен Ш. ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды, делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.