«Таза өлке» шеңберінде өткен бүгінгі сенбілік жұмыстарына Маңғыстау соттарының қызметкерлері белсенді қатысты. 15 шағынауданнан басталған тазарту жұмыстарына кіріскен сот қызметкерлері санаулы уақыттың ішінде айналаны айнадай тазартып, ару қала Ақтаудың келісті келбеті үшін аянбай тер төкті. Бірі қолына тырнауыш, енді бірі күрек алып, теңіздің жағасындағы қоқыстарды жинады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
"Қаланың әр тұрғыны өзі тұратын аймақты таза ұстаса, бұл олардың қала тазалығына қосқан үлесі болмақ", - дейді сот қызметкерлері.