Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз кызметi хабарлады.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Д. Ақтау қаласының сыртында екі полиэтилен пакетке салынған аса ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтаған. Сондай-ақ, ол аталған есірткі заттарды А-ның басқаруындағы автокөлігімен Жаңаөзен қаласына тасымалдап, алып бара жатқан кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған.
Сот үкімімен Д. жоғарыда аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.