Маңғыстауда «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» жобасы аясында далалық экспедиция өтті. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының бөлім жетекшісі Анар Еркімбаева айтты.
«Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын. Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылды. Аталған орталықтың ұйытқы болуымен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау аймақтарында далалық экспедиция ұйымдастырылып, өткізілді», деді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының бөлім жетекшісі Анар Еркімбаева.
Экспедицияның мақсаты:
1. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын ұлттық және халықаралық деңгейде насихаттау, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын аймақ бойынша кешенді ғылыми экспедиция өткізу арқылы баяндау.
2. Сакралды бағыттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу.
3. Облыс тұрғындарының дәстүрлі және тұрмыстық бағыттарын, халық шығармашылығын (фольклор) зерттеу.
Айта кетейік, экспедиция арқылы Қазақстанның ұлттық мәдени құндылықтарын кеңінен танымал ету және әлем назарына ұсыну. Еліміздің әлемдік брендін жоғарылату мен туған өлкеге деген патриотизмді арттыруға бағытталған.
Экспедиция мына бағыттар бойынша өткізілді:
9. 09. 2020 ж. – Шопан ата жерасты мешіті мен қорымы; Оғыландыдағы Бекет ата жерасты мешіті; Қараман ата.
10. 09. 2020 ж. – Шетпедегі С.Қондыбай мемориалдық музей; Отпан тау; Шақпақ ата қорымы және жерасты мешіті; Кенті баба кесенесі; Сұлтан-епе жерасты мешіті, қорымы және сайы; Үштам; Есмамбет әулие жерленген жер.
11. 09. 2020 ж. – Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы; Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі; Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві.