Ақтауда №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектепті 1994 жылы бітірген түлектер мектеп ауласына жаңа спорт алаңын салып берді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрылыс жұмыстарына 1 ай уақыт жұмсалған. Заманауи үлгідегі спорт нысанының аумағы 1 080 шаршы метрді құрайды.
«Білім ордасы 1989 жылы ашылды. Қазір 3 200 ге жуық шәкірт білім алуда. Карантин жағдайына байланысты оқушылар қашықтан оқиды. Пандемия аяқталып, дәстүрлі сабақ басталған соң алаңда түрлі ойындар мен спорттық шаралар ұйымдастырамыз. Түлектерімізге алғысымыз шексіз», деді мектеп директоры Зарухан Мамутова.