Ақтау қаласы 4 ш/а, 1 үйдің тұрғынына 6 қабаттан қоқыс тастағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дерек бойынша экология департаменті полиция департаментіне ресми түрде хат жолдап, қала тұрғынының іс-әрекетіне құқықтық баға беруді сұрады. Нәтижесінде заң бұзушылыққа жол берілгені анықталып, полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабына сәйкес айыппұл салды.
Біліп жүріңіз:
505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.