Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу-құралдары тапсырылды. Бұл туралы Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Биыл 1 және 7 сыныптың 140 оқушысына көмек көрсетіп отырмыз. Мектеп оқушысына қажетті сөмке, дәптер, қаламсап, түрлі түсті бояуларды алынып, сақтық шараларын сақтай отырып таратылды. Негізінен аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары таңдап алынды. Басты мақсат-мүжәлсіз жанұяларға жанашыр болып, білімге құштар өрендерге жақсы көңіл күй сыйлау, - дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.
Ақтау мешітінің тізімінде 500-ден астам тұрмысы төмен отбасылар тіркелген.