Өңірде туризм кластерін одан әрі кешенді дамыту мақсатында екі күндік көшпелі кеңес өтті. Жүрмелі басқосуда Мәдениет және спорт Вице-министрі Ө.Бисақаев, Kazakh Tourism Басқарма төрағасы Е. Еркінбаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ. Ниязов және бизнес өкілдері бастаған жұмыс тобы облыстың танымал туристік нысандарын аралып, қазіргі жағдайымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жұмыс барысында туристік инфрақұрылым мәселелері мен инвесторлар үшін мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударылды. Мәселен, 2019 жылы туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Соның нәтижесінде Үкімет өңірдің туристік саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін туристік дестинацияны инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымы объектілерімен қамтамасыз етуге аса назар аударылып келеді. Министрлік пен облыс әкімдігі арасында бірлескен Жол картасына қол қойылып, нәтижесінде 8 нысан мен 12 санитарлық-гигиеналық тораптың құрылысы басталды. Оған қоса тағы 10 инфрақұрылым нысанының құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Бұл жұмыстар аймақта бой көтерген «Rixos Water World Aktau» сынды ірі жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Қаладағы курорттық кешендердің қарқынды дамуы шетелдік және отандық жағажай демалушыларын едәуір арттыруға септігін тигізеді.
"Rixos Aktau курорттық қонақ үйі өңірдің турпотенциалын мүлдем басқа деңгейге шығарды. Ендігі кезекте инвесторлар теңіз жағалауын одан әрі кешенді дамытуды жоспарлап отыр. Жоба іске асқан жағдайда тек Ақтау қаласының ғана емес, еліміздегі барлық курорттық демалыс индустриясының көзғарасын өзгертеді. Маңғыстау облысындағы туризмнің барлық әлеуетін ашу туристік ағын мен табыстылықты арттыру үшін өте маңызды. Жағажай туризмі - бұл дамудың жаңа тұжырымдамасы. Ал бірегей табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер туристерге арналған мүмкіндіктердің санын көбейтуге және сапасын жақсартуда шешуші рөл атқаруы керек. Облыста дамып келе жатқан жол желісі қазірдің өзінде көптеген туристердің қызығушылығын оятып, ыңғайлы сапар ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді», деп атап өтті Вице-министр.
Соңғы жылдары Маңғыстау түбегі саяхат бойынша туристер көп келуде. Әсіресе қасиетті жерлерге баратын туристердің санында шек жоқ. Сондықтан көрікті жерлерді көздің қарашығындай сақтау мәселесіне көп көңіл бөлінуі тиіс.
Kazakh Tourism Басқарма төрағасының айтуынша: «Бозжыра, Жығылған, Қапамсай, Торыш, Шерқала, Айрақты-Шоманай – ерекше табиғи нысандардың бірі мен бірегейі. Табиғаты тамсандырар орындар туристер үшін барынша ұйымдастырылуы қажет. Адами факторларды ескере отырып, осы объектілердің айналасында дұрыс туристік инфрақұрылымды дамытуды және халықаралық деңгейдегі туристік орындарды жасақтау аса маңызды. Көрнекті орындардың қашықтықта орналасқанын ескеретін болсақ, ең алдымен сол жердің аумағында туристердің түнеуіне ыңғайлы орындар ұйымдастырып, визит-орталықтар желісін дамыту қажет. Мысалы, глемпинг, кемпинг, шатырлы қалашықтарға арналған орындар, қонақ үйлер. Аталған объектілердің базасында бақылау алаңдары, джип/багги/мото турлар, балық аулауды ұйымдастыру, түйе фермалары мен этно-ауылдарға саяхат жасау және жаяу маршруттар жақсы дами алады. Әйтпегенде бей-берекет ағылған туристер тек зиян келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда саяхатшылар бір сапарда бірнеше нысандарды аралап, барлық қызмет түрлерін алады».
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Ниязов көшпелі кеңес қатысушыларына өңірдің туризмін дамыту мәселелеріне назар аударғаны үшін алғысын білдірді. «Маңғыстау -қойнауы сырға, тарихы мұраға толы таңғажайып әлем. Бұл қасиетті мекен қыр-сыры ашылмаған тарихи-мәдени орындармен, ландшафттармен, қасиетті жерлердің алуан түрімен, салт-дәстүрлерге берік ұстануымен ерекшеленеді. Облыстың жайғасқан орны да ерекше. Біз Каспий теңізі арқылы бірден бес мемлекетпен шектесеміз, ал бұл көп миллиондық әлеуетті нарық. Сондықтан аймақ өзінің туристік әлеуетін барынша іске асырғысы келеді. Біз кез-келген ұсыныстарға ашықпыз», деді облыс әкімінің орынбасары.
Екі күндік жемісті жұмыс нәтижесінде топ мүшелері өңірдің негізгі туристік орындарына визит-орталықтарын салу сынды негізгі бағыттарды анықтап, жұмыс барысын пысықтады. Көшпелі кеңеске қатыстан екі кәсіпкер осындай екі визит-орталығының құрылысына қаражат салуға ниет білдірді.