Аймақ полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Амангелді Халмурадов Маңғыстау тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға жеті адам келді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Қабылдау барысында азаматтардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Мысалы, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны басшылыққа ауылдық автожолдар жөнінде ұсыныс жасады. Оның пікірінше, кейбір жол учаскелерінде жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол белгілері қажет. Бұл жергілікті халықтың қозғалысын жеңілдетеді.
Осы және басқа да өтініштер бойынша полковник А.Халмұрадов басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
"Құқық қорғау органдарының халық үшін ашықтығы жөніндегі талаптарды іске асыра отырып, полиция тұрғындар мәселесін шешуге өз үлесін қосуда. Әрбір өтініш назардан тыс қалмайды", деді Амангелді Халмұрадов.
Өңірдің әрбір тұрғыны өзінің ғана емес, құқық қорғау органының қызметіне де қатысты мәселемен облыстық полиция басшылығына жүгіне алады. Сол үшін полиция департаментінде "Facebook", "Instagram", "ВКонтакте"ведомстволық әлеуметтік желілері жұмыс істейді.