Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша 29 тамызда облыс аумағында "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өтеді.
"Жолда қабылдау" сияқты өзара іс-қимыл форматы халық үшін өте ыңғайлы. Азаматтар өздерінің кезек күттірмейтін мәселелерін шешу үшін полиция басшылығына алдын ала жазылусыз тікелей жүгіне алады. Полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желілердегі полиция департаменттерінің ресми аккаунттарында өтетін тікелей эфир кезінде үйден шықпай-ақ өз сұрағыңызды қоюға болады.
Facebook және Instagram-дағы Департаменттің ресми әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде армян автокөліктерін тіркеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Маңғыстау облысы полиция департаментінің Әкімшілік полиция қызметкерлері жауап беретінін атап өткен жөн. Парақшалардың сілтемелері:
https://www.facebook.com/dvdmangistauaktau, https://www.instagram.com/mangistaupd/?hl=ru.
«Жолда қабылдау» акциясын өткізу орны мен уақыты: 29 тамыз күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін
Облыстық Cаll центр телефон желісі 8-7292-47-45-10.
Маңғыстау облысының ПД
1. ХҚО Ақтау қ., мекен-жайы: Ақтау қ. (Ақтау – әуежәй тасжолы), КОС – 2.
Ақтау қалалық ПБ:
1. Автошеберхана «Аманжан», мекен-жайы: Ақтау қ. 29А ш/а-100.
Жаңаөзен қалалық ПБ:
1. ХҚО Жаңаөзен қ., мекен-жайы: Жаңаөзен қ. 2 ш/а, 29 ғимарат;
2. Автошеберхана «Аранжан», мекен-жайы: Жаңаөзен қ. «Бостан» ш/а.
Мұнайлы АПБ:
1. ХҚО Мұнайлы ауданы, мекен-жайы: Мұнайлы ауданы, Маңғыстау с. 5 ғимарат.
Қарақия АПБ:
1. ХҚО Қарақия ауданы, мекен-жайы: Қарақия ауданы, Құрық с. Сатпаева көш. 209 ғимарат.
Маңғыстау АПБ:
1. ХҚО Маңғыстау ауданы, мекен-жайы: Маңғыстау ауданы, Шетпе с. А.Өтеуова көш. 46 ғимарат.
Түпқараған АПБ:
1. ХҚО Түпқараған ауданы, мекен-жайы: Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Н.Оңғалбайұлы көш. 29 ғимарат.
Бейнеу АПБ:
1. ХҚО Бейнеу ауданы, мекен-жайы: Бейнеу ауданы, Бейнеу с. Қосай-ата көш. 4/5а ғимарат.