Бұл туралы Қызылсай ауылы әкімінің орынбасары Балзира Маркашова мәлімдеді.
Қызылсай ауылы, Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 мектептің 30 жылдық түлектері туған жерлерін көркейтуге атсалысып «I LOVE QYZYLSAI» инсталляциясын орнатты.
«Бұл жаңа қоғамдық орын халықтың игілігіне жарайтынына сенімім мол. Жыл соңына дейін ауылға балалар ойын алаңы, футбол алаңы және жастар аллеясын салу жоспарлануда. Осындай алғаш мұнай шыққан ауылдың атына сай болуын қадағалап, әрі қарай гүлдендіру басты міндетіміз», деді Б. Маркашова