Ақтауда шағынаудандарды кешенді абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда, осы шағынаудандардың автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 12 шағынаудан бойынша:
- 19 709 м2 жаяу жүргіншілер жолына;
- 62 653 м2 автокөлік жолдарына;
- 17 ойын және 5 спорт алаңдарына жөндеу жүргізу қарастырылған.
Қазіргі таңда мердігер "СМК-Атамекен" ЖШС шағынауданның автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстарын, яғни жиектастарды бұзу және жаңасын орнату және спорт алаңын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.