Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ерғали Скендиров айтты.
Оның айтуынша, тұрғындардан жыл басынан бері қала әкімінің атына ойын алаңдарын жөндеу бойынша 21 өтініш келіп түскен, делінген Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
«Тұрғындардың шағымының негізінде бүгінге дейін 12 мекен-жай бойынша балалар ойын алаңдарына жаңа әткеншек, сырғанақ және тепе-теңдік құралдары орнатылды. Алаңдар, 1 шағынаудан 8, 26 үй, 4 шағынаудан 7, 51,57,68 үйлер, 5 шағынаудан 35, 39 үй, 8 шағынаудан 15 үй, 22 шағынаудан 17 үй, 28 А шағынаудан 6 үй, 29 шағынаудан 31 үйлер алдында орналасқан», деді ол.
Бұдан бөлек, басқа шағынаудандағы балалар ойын алаңдарын жөндеу және сырлау жұмыстары жалғасады.