Қарақия аудандық сотында талап қоюшы О-ның жауапкер А-мен арадағы некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды. Бұл туралы Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Істі қарау барысында сот кеңсесіне осы іс бойынша тараптардан бітімгершілік келісімді бекіту туралы арыз түсті.
Медиативтік келісім бойынша жауапкер жанұясына көбірек көңіл бөліп, жанұясын сақтап қалатынын, жұбайымен тату-тәтті тұратынын, ұрыс-керіске жол бермейтінін, жанұясын материалдық жағдайын жақсартатынын өзінің міндетіне алды. Талап қоюшы О. жауапкермен міндеттемесіне келіскендіктен, осы медициялық келісімді бектіп, азаматтық істі тоқтатуға келісімін берді, делінген хабарламада.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.