"Mangystau OiL Refining» ЖШС жыл соңына қарай жобалық қуаты жылына 300 мың тонна көмірсутек шикізатын өңдеудің екінші кезеңін пайдалануға беруді жоспарлауда. Мекеменің негізгі қызметі көмірсутек шикізатын өңдеу. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияда 2017 жылы "көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенінің" бірінші кезеңі іске қосылды. Бүгінгі күні мұнда қайта өңдеу жылына 75-80 мың тоннаны құрап отыр. Осы жылдың 4 тоқсанында көмірсутек шикізатын қайта өңдеудің екінші кезеңін пайдалануға бермек. Сондай-ақ 2021 жылдың екінші жартысында жобалық қуаты жылына 830 мың тонна көмірсутек шикізатын қайта өңдеуді пайдалануға берудің үшінші кезеңі көзделген.
Бүгінде "Mangystau OiL Refining" ЖШС өнімнің төрт түрін (мазут, дизель отыны, пеш отыны, тікелей айдалатын бензин) өндіреді. Үкіметаралық келісім бойынша мазут Әзербайжанға экспортталады, дизель отыны, пеш отыны ішкі нарықта сатылады, тікелей айдалатын бензин ТМД елдеріне сатылады.
Сонымен қатар қызметкерлердің штаттық саны 163 адамды құрайды. Өнімді өңір тұрғындары, кәсіпорындар мен Каспий маңы мемлекеттері пайдалана алады. Жоба еліміздің маңызды әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Бұдан басқа, жобаның мақсаты Маңғыстау облысындағы отандық өндірістің дизель отыны мен бензинге қажеттілігін қамтамасыз ету және қазақстандық қамтуды ұлғайтуды көздейді.