Ақтау қаласы әкімдігі, жергілікті полиция және мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, 21-22 тамыз күндері Ақтаудағы сауда орындарында алкоголь өнімдерінің заң талаптарына сай сатылуына мониторинг жүргізді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нәтижесінде 14 шағынаудан 34 тұрғын үй жанындағы "Айсель"," Абылай" дүкендереріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ал 32Б шағынаудан 2/1 үйдің жертөлесінде орналасқан "Аймира" шағын маркеті мен 28А шағынаудан 1 үй артында жол бойында орналасқан "Anel" дүкендері заң талаптарын бұзғандығы анықталды. Яғни, олар сағат 23:00-ден кейін алкоголь өнімдерін сатқан.
Дүкен иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабына сай әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданбақ.