Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Серік Қалдығұлдың айтуынша өңірде ірі қара мал саны артқан. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Cтатистикалық мәліметке сәйкес, өңірде бүгінгі күні қара мал саны – 23 830 басты құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 111,3 % ға өсті. Оның ішінде қой – ешкі 455 670 бас . Жылқы – 91 145 бас, түйе – 72 362 бас. Барлық мал саны 643 007 бас.
Қыс мезгіліне мал азығының дайындау үшін ауыл шаруашылығы малдарын мал азығымен толықтай қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 60 000 тонна шөп және 29 072 тонна жем қажет. Биыл түк шөптің салмағы 20 кг, бағасы 700-900 теңге аралығы, жоңышқа 1500 теңгеден. Рулон шөп салмағы – 300 кг, бағасы 13 000 тг болды.
Қазіргі таңда, аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес облыста қамтылған шөптің көлемі – 10 037 тонна. Сондай-ақ, өзге облыстардан тасымалданған шөптің көлемі – 8 382 тоннаны құрайды. Өзге облыстардан тасымалданып және өз өңірімізде дайындалған жемнің көлемі барлығы – 12 506,0 тонна. Оның ішінде тасымалданғаны – 10 818 тонна, дайындалғаны – 1 688 тонна.
Қазіргі таңда аудандар бойынша қорда 954 тн бар жемнің көлемі бар. Оған қоса былтырғы «Каспий» ӘКК» АҚ-на жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың негізінде 500 тонна кебек сақтаулы.