Маңғыстау облысының халық арасында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Г.Көркінбаеваның жаңа қаулысы шықты. Маңғыстау облысының аумағында 2020 жылдың 17 тамызынан сағат 00-ден бастап карантинді жалғастыру және карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету енгізілсін. Карантиндік іс-шаралардың тәртібі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛМАЙДЫ:
1. қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, кафелер, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донерханалар, барлар), сондай-ақ ашық ауада 30-дан аспайтын отыратын орыны бар жазғы алаңдар;
2. облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыстан тыс жолаушыларды автотасымалдауды жүзеге асыратын автовокзалдар;
3 мәдениет объектілері, оның ішінде мұражайлар, театрлар, мәдениет үйлері және т. б.;
4. 30 адамнан аспайтын спорт базаларында тұратын Ұлттық құрамалардан басқа, спорт объектілері;
5. әлеуметтік қашықтық шарттарын сақтау талаптарын орындайтын демалыс базаларының аумағындағы жағажайларды қоспағанда, бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер, ыстық бұлақтар;
6. діни объектілер мен ғибадат ету орындары;
7. 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар;
8. Балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер;
9. Кинотеатрлар, көрмелер, интернет және компьютерлік клубтар;
10. Түнгі клубтар, кальяндар;
11. Ойын-сауық объектілері (букмекерлік кеңселер, бильярд, караоке, ps-клубтар, квесттер, антикафе, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар);
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
1. осы қаулының 2-тармағында көрсетілген объектілер мен қызметтердің жұмыс істеуін тоқтату.
2. бір отбасы мүшелерін қоспағанда, елді мекендер ішінде 3 адамнан астам топтың жүруіне тыйым салу;
3. демалыс күндері (сенбі-жексенбі) 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеу;
4. кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүруіне тыйым салу;
5. меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАЙТЫН НЫСАНДАР:
Маңғыстау облысының аумағында кәсіпкерлік субъектілері қызметінің мынадай түрлері бойынша InfoKazakhstan.kz сайттан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 2020 жылғы 17 тамыздан 00 сағат 00 минуттан бастап жұмысты қайта бастау:
1. сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері толымдылығы 30 пайыздан аспайтын, (1 келушеге 4 ш.м. кем емес), дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс режимімен және сенбі-жексенбіде қызметін тоқтатуымен (азық-түлік тауарларын сататын объектілерді, дәріханалардың ішіндегі объектілерді қоспағанда),
2.сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр алдын ала жазылу бойынша (1 келушіге 4 ш. м. кем емес), қызметін сенбі-жексенбіде тоқтата тұрумен;
3. ашық ауада және залда 30-дан аспайтын отыратын орын орнатылған ұжымдық іс-шараларды өткізбей, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және сағ: 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс режимімен қызмет ететін қоғамдық тамақтану объектілері;
4. балалар түзету кабинеттері, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер және т. б.), топтарда балалар мен ересектерге арналған курстар 5 адамнан артық емес алдын ала жазылу бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндерінде қызметтін тоқтату;
5. мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы (жасы бойынша) кезекші топтар (15 адамнан артық емес);
6. ашық ауада азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар жәрмеңкелері, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі-жексенбіде қызметін тоқтату;
7. жабық киім-кешек базарлары, азық-түлік емес тауарлардың жабық базарлары, жабық құрылыс базарлары дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс режимі сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтату;
8. киім-кешек базарлары (ғимараттан тыс), азық-түлік емес тауарлар базарлары (ғимараттан тыс), құрылыс базарлары (ғимараттан тыс)- (ашық);
9. ауданы 500 м2-ден асатын азық-түлік емес дүкендер ( толымдылығы 30 пайыздан аспайтын, 1 келушіге 4 ш. м. кем емес), дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтата тұру;
10. сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтата отырып жұмыс жасайтын, ашық ауада орналасқан аттракциондар;
11. фитнес, тренажер залдары орталықтары (бассейінсіз), алдын ала жазылу бойынша (1 келушіге 5 ш. м. кем емес) жобалық қуатынан 50 пайыз толуымен және қызметін сенбі-жексенбіде тоқтатумен;
12. қоғамдық моншалар, монша кешендері, бассейндері жоқ сауналар (толымдылығы 50 пайыздан аспайтын, 1 келушеге 4 ш. м.кем емес ) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 00.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтатумен;
13. топтарда 30 адамнан аспайтын ұлттық құрама, клуб командаларының спортшылары үшін спорт объектілерінде оқу-жаттығу процесін өткізуге рұқсат етілсін;
14. ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат беру (5 адамнан артық емес);
15. автобус ішінде жолаушылар санын 50 пайыздан асырмай қоғамдық көлік қозғалысын жандандыру, соңғы аялдамаларда автобус ішін желдетіп, дезинфекциялауды қамтамасыз ету, сондай-ақ санитарлық нормалардың барлық талаптарын қатаң сақтау;
16. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік актісін көрнекі жерде орналастыру,
17. InfoKazakhstan.kz сайтындағы кәсіпкерлік субъектісінің паспортына келушілермен обьектіні жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтердің енгізілуі (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын №43- БСДҚ, №47- БСДҚ талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаңды ескере отырып анықталады және енгізіледі).
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалына және осы тармақта көрсетілген басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғаларға халыққа қызмет көрсету орталықтарының, CaII орталықтардың жұмысын Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 15.00-ге, жексенбі - демалыс күнімен қамтамасыз етілсін.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА:
1. Қорғаныс маскаларын кию міндетті:
2. Үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және басқалар), сондай-ақ қоғамдық көлікте және көшеде болған барлық адамдарға.
3. Елді мекендердің ішінде міндетті түрде бетперде киіп, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен жүруге рұқсат етіледі.
4. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен саябақтарға, скверге және жағалауларға баруға рұқсат етіледі.
5. Ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі (5 адамнан артық емес).
6. Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.
7. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге болады.
8. Адамдар көп жиналатын отбасылық, естелік және басқа да іс-шараларды, жабық үй-жайларда, оның ішінде үйде спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.