Биыл "Жұмыспен қамтудың 2020" бағдарламасы аясында Ақтаудың 2, 6, 7, 12, 26, 27 шағынаудандарында кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Кешенді жұмыстарға сай, 7 шілде күні 6 шағынауданды абаттандыру жұмыстары басталды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
- 12 810 м2 тротуарға жөндеу жұмыстары;
- 30221 м2 автомобиль жолдарына жөндеу жүргізу;
- 7 ойын алаңына жөндеу жүргізу;
- 1 спорт алаңына жөндеу жүргізу қарастырылған.
Қазір мердігер "Мангыстаудорсервис" ЖШС шағынауданның автокөлік жолына орташа жөндеу, яғни бордюрлерге демонтаж жұмыстарын жүргізіп жатыр.