2006 жылы 12 тамызда күшіне енген Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздік конвенцияны (Тегеран конвенциясын) жүзеге асыру процесіне көпшілікті тарту мақсатында Каспий аймағындағы бес мемлекетте «Каспий күні» атап өтіледі.
Мерекеге орай, облыста бірқатар шаралар өтіп жатыр. Каспий күні аясында су асты балық аулау мамандары кеше 4 ш/а мен 16 ш/а аралығындағы теңіз суын қоқыстан тазартты.
Оқи отырыңыз https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/102773
Сонымен қатар, Каспий күні қарсаңында Ақтау қаласының орталық көшелеріне табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақыратын билбордтар ілінді.
Оқи отырыңыз https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/102734