«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Дощанов Мұратбек Аралбайұлы тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұратбек Аралбайұлы 1976 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің тау-кен инженері және құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Маңғыстау технологиялық көлік» ЖШС көлік жөндеу слесарьінен бастап, 2010 жылға дейін облыстағы түрлі өндірістік кәсіпорындарда қызмет атқарған. 2010 жылы «Түпқараған аудандық әкімі аппараты» ММ аудан әкімінің кеңесшісі, 2012 жылы «Ақшұқыргазсервис» МКК директоры, 2013 жылы «Түпқараған аудандық жер қатынастар бөлімі» ММ басшысы, 2013 жылы «Түпқараған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» ММ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2014-2016 жылы «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы, 2016-2019 жылдары Форт-Шевченко қаласы әкімі қызметтерін атқарған. 2019 жылдан осыған дейін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.