«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС басшылықтары аймақтағы медициналық мекемелерге жалпы сомасы 320 млн тенге болатын 20 дана өкпені жасанды желдету құрылғыларын берді. Бүгін ӨЖЖ құрылғылары Ақтауға жеткізіліп, медициналық мекемелерге тарату үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов барлық медицина қызметкерлеріне шыдамдылық пен ұзақ ғұмыр, отандастарға – өз денсаулықтарына қырағы көзқараспен қарауды, науқас адамдарға – жеңіл емделу мен тез сауығып кетуге тілек білдірді.
А.Оржанов атап өткендей, ҚМГ және ҚТКФ осы құрылғылармен жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерін оқытуды да қарастырған.
ӨЖЖ құрылғыларының сипаттамасы: SUPERSTAR S1100 өкпені жасанды желдету құрылғысы көптеген клиникалық жағдайларға байланысты ең жақсы опцияны таңдауға мүмкіндік беретін инвазивті және инвазивті емес желдетудің көптеген түрлерін қамтиды. Науқасты құралдан ажыратудың жеңілдетілген процесі дәрігердің жұмысын оңтайландырады. Ал тікелей қол жеткізу батырмалары емделуші ахуалындағы өзгерістерге жедел көңіл аударуға мүмкіндік береді. Бұл ересектер мен балаларға операция кезінде немесе одан кейін тыныс алуды қолдауға немесе тыныс алу терапиясына, жүректің, өкпенің және мидың, жедел тыныс жетіспеушілігінің және т.б. қалпына келтіруге көмектесетін жақсы құрал.
Мониторинг параметрлерінің интерфейсі әрбір параметрді нақты көруге көмектеседі, сонымен қатар науқас адамға жағдайдың барлық аспектілерін білуге мүмкіндік береді, емделушінің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көп деңгейлі микропроцессорлармен, оптикалық және акустикалық индикаторлармен жабдықталған. Құрылғының ыңғайлы құрастырылғаны соншалық, келесі адамға пайдалануға дайындық кезінде құрылғыны тез бөлшектеуге және дезинфекциялауға мүмкіндік мол.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақтеңізкөлікфлоты атынан облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) жеткізілген болатын. Оның ішінде костюмдер, қауіпсіздік көзілдіріктері және қауіпсіздік жабық көзілдіріктер бар.