Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 19 шілдедегі Қаулысына сәйкес, қалалық, қоғамдық жағажайлар мен аквапарктердің қызметіне тыйым салынған.
Осыған орай, Ақтаудағы қаласы бойынша 5 мекен-жай жағалауларына:
1. 1 ш/а жағалауы;
2. 1 ш/а “Карвон” мейрамханасының арты;
3. 1 ш/а Құтқару қызметі станциясының жаны;
4. 4 ш/а Т.Шевченко жағалауы;
5. Жылы жағажай жағалауларына блокпосттар қойылып, арнайы тыйым салынған ленталар ілінді. Осы аталған аумақтарда күнделікті жергілікті полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жағалаудағы осы тыйым салынған ленталарға дейінгі аумақта, саябақтар мен скверлерде 3 адамнан аспайтын топтармен ғана демалуына рұқсат берілген.