Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев мәлімдеді.
30 маусым күні Маңғыстау облысы әкімдігі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, МО фармацевтикалық қауымдастығы арасында халықты вирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектермен, антибиотиктермен қамтамасыз ету, сонымен қатар осы дәрі-дәрмектерді емдеу курсына сай қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен беру туралы меморандум жасақталды.
Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасына сай күн сайын 41 түрлі дәрі-дәрмектің облыс дәріханалары мен көтерме қоймаларында бар екеніне және бөлшек сауданың 449 объектісінің 307 объектісіне мониторинг жүргізілді.
«Біз 29 маусымда (2 рет) және 6 шілдеде тікелей эфирде облыс әкімдігімен бірлесіп халықты дәрі-дәрмекпен қамту және дәрі-дәрмекті сату барысында ҚР заңнамасының сақталуы бойынша брифинг өткіздік»,- деп атап өтті Р.Кубатаев.
Тіркелмеген дәрі-дәрмектің сатылуы және бөлшек сауда бағасының жоғарылатылуына байланысты 164 шағым келіп түсті. Олардың арасында:
-12 шағым DARI KZ қосымшасы арқылы;
- 6 шағым әлеуметтік желілер арқылы (Ватсап, Инстаграмм, Фэйсбук және т.б.) және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
- 89 шағым Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің 8 (7292) 403401 қызу желісіне және +77023979488 WhatsApp желісіне Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының заңды және жеке тұлғаларынан дәріханалардағы халыққа дәрі-дәрмек сату кезіндегі бағаны заңсыз көтеру фактілері бойынша. Бұл шағымдар Маңғыстау облысының полиция департаментіне шұғыл шаралар қабылдануы үшін жолданды.
- 57 шағым мониторинг жүргізілгеннен соң мемлекеттік органдардан келіп түсті. Жинақталған материалдар ЭСЕДО жүйесі арқылы әкімшілік шаралар қолданылуы үшін департаментке жолдануда. Олардың 10-ы ЭТД-не, 13-і Ақтау қалалық полиция басқармасына (ПБ), 16-сы – Жанаөзен қаласының ПБ-на, 11-і Мұнайлы ауданының ПБ-на, 2-і Қарақия ауданының ПБ-на, 1-уі Маңғыстау ауданының ПБ-на, 1-уі Бейнеу ауданының ПБ-на жолданды.
Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 23 хаттама толтырылып, олар бойынша мынадай фактілер анықталды:
- Ақтау қаласында 426 б. 1.б. бойынша «Дәрі-дәрмектердің бағасын заңсыз көтеру» 14 фактісі; (ЖК Хаирова, ЖК Абишева, ЖК Шалабаева дәріханалар жүйесі, «Ада фарм Актау» ЖШС, «Интрьер Плюс» ЖШС, ЖК Кайсар), Жанаөзен қ.( «Biopharma» ЖШС), Мұнайлы ауданында (Алина-Раяна ЖШС), Түпкараған ауданында («Бакдаулет-Азия» ЖШС, ЖК Кизатова), Қарақия ауданында (ЖК Мухамедиева);
- 424 б. 1 б. бойынша «Фармацевтикалық қызметпен заңсыз лицензиясыз айналысу» 3 фактісі;
- 464 б. 1 б. бойынша «ҚР заңнамасымен бекітілген лицензиялау нормаларын бұзу» 1 фактісі;
- 426 баптың 3 тармағы бойынша 4 факті, олардың 3-уі – әкімшілік сотқа жіберілген, 1-уі 426 баптың 3 тармағы бойынша әкімшілік сотқа жолдануға дайындалуда.
Сонымен қатар, 463 баптың 1 бөлігімен лицензиялау нормаларын бұзу фактісі бойынша 1 хаттама әкімшілік сотқа жолдануға дайындалып жатыр.