Әлеуметтік желіде дәрігерлердің немқұрайлылығының кесірінен апасы жан сақтау бөліміне түсті деп оларды кіналап жазған қыздың посты кеңінен таралып кетті. Алайда шындық қайсы? Осы оқиғаның ақ қарасын ажыратып зерттеген Антонина Огайдың жазбасын назарларыңызға ұсынамыз.
"Меніңше, пандемия кезінде адамдар есінен “адаса” бастады, өйткені бұл жағдайды басқаша атау мүмкін емес. Бүгін бір қыз басқа блогерлер сияқты мені посттың астына белгілеп кетті. Алайда қазір пост өшірілген.
Постта бойжеткен дәрігерлердің немқұрайлылығының кесірінен апасы жан сақтау бөліміне түсті деп оларды кіналайды. Сол сәтте мен оның апасының жеке деректерін сұрап оған жаздым. Өйткені оқиғаның мән жайын анықтап, облыстық денсаулық сақтау басқармасын да осы жайттан хабардар етейін деп шештім. 1-ші шағынауданда орналасқан инфекциялық аурухананың меңгерушісіне хабарласып, науқасқа медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқандығын білдім. Ол қажетті құрылғыларға қосылған және тәулік бойы реаниматологтың бақылауында екен.
Дәрігерлер оны созылмалы ауруларының өршуіне байланысты жан сақтау бөліміне ауыстырған. Өйткені науқаста 2 типті қант диабеті, артериялық гипертензия, стенокардия, семіздік және коронавирус індеті болған. Бірақ мұндай жауап оның жиенін қанағаттандырмады. Осылайша ол өз дегенінен қайтпады. Сонымен бірге, ол бүгін кешке апасының қиын жағдайына қарамастан оған қосылған аппаратты өшірді деп жазды.
Бірақ іс жүзінде ол оттегі маскасы аппаратынан (НВЛ) ажыратылып, интубациялық түтікке (ИВЛ) қосылған, бірақ жиені бұл туралы үндемеді... Сондай ақ науқаста гастроназ түтігі, орталық катетер, урологиялық катетер бар және ол ауруын жеңілдету үшін ол медициналық комада жатыр ... Бірақ бұл жауап та оның жиенін қанағаттандырмады. Ол науқасқа ешқандай ине салынбады, дәрігерлер оған келмеді, тіпті оны өлім аузында қалдырды деп кіналады.
Мұның әлеуметтік желілерде кең таралуы да түсінікті.
Сондықтан аурухана қоғам тарапынан үлкен қысымға ұшырады және немқұрайлылығы үшін айыпталды. Содан кейін мен сол жерге барып, өз көзіммен көруге бел будым. Іс жүзінде бәрі дәрігер Зинал Айнур Мырзабекқызының маған науқастың жағдайы туралы алдын-ала хабарлағанындай болды. Мен әр палатаны аралап шықтым, барлық құрал-жабдықтар, оттегі баллондары мен дәрі-дәрмектердің бар екеніне көз жеткіздім, сонымен қатар сауыға бастаған науқастармен сөйлестім.
Апасының ауруын "пайдаланып", дәрігерлерге жала жауып, жалған пост жазып танымал болғысы келген қыз менің кеңесіммен ол постын өшірді. Бірақ, қоғамда жағымсыз әсер қалды. Бүкіл қала негативке толды. Адамдар дәрігерлерді қорлап, төмендетеді. Олар да өздері туралы бұндай ауыр сөздерді естігісі келмейді. Алайда олар өздерінің соңғы күшін жинап, көздегі жасты сүртіп, қорғаныш киімін киіп адам өмірін құтқаруға аттанады.⠀
Бұл қыздың өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған жазбасы қоғамды да шулатты. Өз кезегінде дәрігерлерге деген халықтың ашу ызасын арттырып, жағымсыз пікірлерге ұласты. Әрине дәрігерлер де “мұндай жағдайда” жұмыс істегісі келмейді, олар да осындай ашудан, негативтен, қорлаудан шаршаған.
Мен бұл постты ыңғайлы төсегімде жатып жазып отқанда, дәрігерлер ауа өтпейтін киіммен ұйқысыз, демалыссыз біреудің өмірін құтқарып жүр. Желдеткіші бар бөлмеңізде өзіңіздің ыңғайлы төсегіңізде ұйықтар алдында сіз де осыны ойлаңыз.
Жағымсыз пікір жазар алдында өз сөзіңіздің соңы неге әкеліп соғатынын тағы ойланыңыз. Әлгі қыздың сөзінен соң реаниматолог жұмыстан шығатын болса, қыздың апасымен қоса 22 науқас әлдеқашан о дүниеге аттанар еді...
Ойлаңыз! Ойланыңыз! Дәрігерлердің салғырттығын нақты дәлелдей алмасаңыз, тіпті үндемей-ақ қойыңыз!"
Антонина Огай