Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев мәлімдеді.
Маңғыстау облысының әкімдігі көтерме сауда фирмаларының өкілдерімен, «Провизорлар мен фармацевттер қауымдастығы» ҚБ, кәсіпкерлермен мәжіліс өткізіп, онда өңірлік кәсіпкерлер тарапынан «ФАИЗ-2016» ЖШС және «Pharma плюс» ЖШС – не демеушілік көмек көрсету және дәрі-дәрмек сатып алу барысында қаржы бөлінуі туралы шешім қабылданды. Аталған ЖШС-дің Ресей Федерациясынан дәрі-дәрмек жеткізу бойынша келісімшарттары бар. Маңғыстау облысының әкімдігі осы мәселені шешу бойынша хаттар дайындады.
Төтенше жағдайдың салдарын болдырмау және алдын алу мақсатында, сонымен қатар халықты дәрі-дәрмекпен қамту үшін дәрі-дәрімекті бір реттік кіргізу рәсімделеді:
- Азитромицин, левофлоксацин, цефазолин, цефтриаксон антибиотиктері;
- ингавирин, римантадин, анаферон, тамифлю, арбидол вирусқа қарсы дәрілері;
- АВҚД: найз,ибупрофен,новиган,нимесилуд,ибуфены,парацетамол,аспирин,анальгин,цитрамон,терафлю,тайлол,фервек,максигрипин;
- клексан,фраксипарин,ксарелто - аз мөлшердегі антикоагулянттар;
- дексаметазон - ВҚД аз мөлшердегі стероидтілер.
Көтерме саудамен айналысатын фирмаларға түскен дәрі-дәрмектер әрбір тұрғынға жетуі үшін облыстың аудан-қалаларындағы дәріханаларға тең мөлшерде бөлінуде. Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектермен қамту ісі түзеліп келеді.
КВИ бойынша ахуалдың өршуіне және карантин шараларының енгізілуіне байланысты департамент қызметкерлері лицензиялық бақылау бойынша тексерістерді онлайн режимінде жүргізуде. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ЛК саласындағы қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге департамент күн сайын барлық фармацевтикалық қызмет объектілері мен субъектілеріне телефон арқылы хабарласып, қаладағы дәріханалар мен дәріханалық қоймалардағы дәрі-дәрмектің бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізіліп отырады.