Маңғыстауда облыстық әкімдік қызметкерлері мен полицейлер және СЭС мамандары карантинді елемей, кәсібін дөңгелеткен орындарды анықтау үшін рейд жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Арнайы құрылған топ рейд барысында қонақтарын жасырын кіргізіп, тығылып жұмыс істеген «Hunter kitchen» барын анықтады. Кафе қожайыны мен қызметкерлерінен түсініктеме алынып, әкімшілік хаттама толтырылды. Қатаң карантин кезінде тұрғындардың сауық-сайран құруына ықпал еткені үшін айыппұл салынбақ.
Айта кетейік, демалыс күндері облыстық әкімдік полиция департаменті мен СЭС мамандары бірлесіп рейд жүргізген болатын.