Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрық және Жетібай ауылының провизорлық стационарларына 8 дана пульсоксиметрлер мен қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді. Бұл пульсоксиметр аппараты қандағы оттегі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Індетпен күресте қолдау көрсетіп, құрылғыларды алуға мұрындық болған “Алтынқұрық” және “Айком ЛТД” мекемелері болатын. Бұдан бөлек жергілікті кәсіпкерлер де демеушілік танытып, өз үлестерін қосуда, делінген хабарламада.