Маңғыстаудағы науқастарды емдеуге 12 әскери дәрігер келді. Бұл туралы МО Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Оның 10-ы бүгін Шығыс Қазақстан облысынан келді. Бұл мамандардың алтауы Семей қаласынан және төртеуі Өскемен қаласынан келді. Ал, екеуі Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің дәрігері.
Семей қаласынан:
1.Хирургиялық бөлімінің аға ординаторы м/с капитаны Мажиев Н.Ж. – (старший)
2.Терапиялық бөлімінің басшысы м/с капитаны Муслимова З.Р.
3.Қабылдау бөлімінің медбикесі, аға сержант п/к Абдрахманова Г.Т.
4.Хирургиялық бөлімінің медбикесі, сержант п/к Мухатова Г.Б.
5.ОАиР аға медбикесі, п/к сержанты Кабдиева Ж.С.
6.Хирургиялық бөлімінің медбикесі, ефрейтор п/к Муратова М.К.
Өскемен қаласынан:
1.Хирургиялық бөлімінің басшысы, м/с капитаны Белгибаев Б.Р.
2.Стоматология кабинетінің медбикесі, п/к сарбазы (рядовой) Дума С.А.
3. Хирургиялық бөлімінің медбикесі, , п/к сарбазы Байсанбанова А.Б.
4.Қабылдау бөлімінің медбикесі, п/к кіші сержанты Оспанова А.К.
25744 әскери бөлімі
1.Батальон медқызметінің басшысы, м/с аға лейтенанты Айтжанов Б.Ы.
2.Медициналық рота хирургиялық бөлімінің басшысы, м/с аға лейтенанты Достангалиев Е.
Сонымен қатар, бүгін өңірге Ақтөбе қаласындағы медицина университетін бітірген 10 жас маман келді. 18 шілде күні тағы 6 дәрігер жұмыстарын бастайды. Сол университетті тәмамдаған 5 маман бұған дейін Ақтауға келген болатын. Тағы 5 дәрігер қазір Ақтөбеде жұмыс істеп жатыр, шілде айында жұмыстарын бітіріп, Ақтауға келеді.
Жалпы, Маңғыстауға 26 жас маман келеді. Оның 15-і интернатураны, 7-і резидентура бітірген дәрігерлер. 4 маман Маңғыстауда тұрақты түрде еңбек етуге ниетті.