Ақтау қаласының көшелерінде және теңіз жағалауында жастар ресурстық орталығы мамандарының көмегімен тұрғындарға тегін маскалар таратылып жатыр. Бұл шара елімізде белең алған індеттің қарқынын басу үшін облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
4 000 дана маска қала тұрғындарына тегін таратылады. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында – 2 600 дана, Мұнайлы ауданында – 1 000 дана маска тұрғындарға беріліп бастады. Аталған шара алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Сонымен бірге, Біріккен Араб Әмірлігінен гуманитарлық көмек ретінде келген маскалар да қалалар мен аудандарда халыққа тегін таратылады.