Маңғыстау облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың 4-шілде күнгі № 32 БСДҚ қаулысына сәйкес Маңғыстау облысында 5-шілде сағат 00:00-ден бастап 20 шілде сағат 00.00-ге дейін келесідей қатаң шектеулер енгізіледі:
БАРЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАЙДЫ
1. Қалааралық автобус тасымалдары тоқтатылады;
2. қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады;
3. Жеке көлікпен және таксимен жүруге рұқсат етіледі.
4. меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды ашық ауада өткізуге тыйым салынады;
5. мәдениет объектілерінің, мұражайлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салынады;
6.діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметін тоқтату, зираттарға баруға тыйым салынады;
7. балаларды сауықтыру лагерьлерінің, білім беру орталықтарының, балалардың түзету кабинеттерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарды қосқанда, балалардың демалу орындары мен қосымша оқыту орындарының қызметі тоқтатылады;
8. ұлттық олимпияда комитеті акредиттеген спорт базарларын қоспағанда барлық спорт объектілерінің (спорт алаңдары, кешендер, үйірмелер, секциялар бассейндер және т.б.) қызметіне тыйым салынады;
9. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халықтың (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың қызметіне рұқсат беріледі. Көрсетілген объектілер қажет болған жағдайда медициналық ұйым ретінде пайдаланылады;
ТОПТАСЫП ТАБИҒАТҚА ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
10. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылады;
11. әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беріледі;
12. 3 адамнан аспайтын жеке немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, экскурсиялық, корпоративтік саяхаттарға, табиғатқа топтасып шығуға тыйым салынады;
13. ашық ауада жеке жаттығулар жасауға рұқсат;
14. өңірлер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беріледі;
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРЫ ТҰТЫНШЫҒА ЖЕТКІЗУ ӘДІСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
15. сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің (оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды қоспағанда) қызметіне тыйым салынады;
16. ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салынады;
17. фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;
18. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 10.00 ден сағат 21:00-ге дейін дейін «тұтынушыға жеткізу мақсатымен» жұмыс істеуге рұқсат беріледі;
19. СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттерінің қызметіне тыйым салынады;
20. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне тыйым салынады;
21. жеткізу қызметін қоспағанда, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салынады;
22. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеулі Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАЙДЫ
23. ХҚКО-ның жұмысы тоқтатылады;
24. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, онлайн режимде көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын ұйымдастырады;
25. үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі; күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауадағы құрылыс жұмыстары жалғасады;
26. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу, химиялық тазалау және басқалар) қызметі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі;
27. жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асады;
28. Арақашықтық талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазба бойынша) қызметіне рұқсат беріледі;
29. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат беріледі;
30. Барлық мекемеде кемінде 80% қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істейді;
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН АЗАМАТТАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарына:
1) Жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі;
2) Көп адам жинап, шақырып кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, еске алу және т.б.).
Карантин талаптарын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.