Бүгінгі таңда облыста дәріханаларда дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі байқалып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ақтау қаласында дәрі-дәрмектерді тасымалдаумен 4 мекеме айналысуда. Олар «Медсервис» ЖШС, «Эмити» ЖШС, «Іңкәр» ЖШС және «Ада-фарм» ЖШС. Бүгінгі таңда «Іңкәр» және «Медсервис» мекемелеріне дәрілер келіп, дәріханаларға жеткізілуде.
Сонымен бірге, «Ада-фарм» ЖШС өзінің 22 аптекасын қамтамасыз етуде. 07.07 2020 ж. күні «Медсервис» ЖШС және «Эмити» ЖШС өңірге қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізетін болады. Осыған орай, алдағы аптаның ортасында облыстағы дәрі-дәрмектердің қажеттілігі қанағаттандырылуы тиіс. Қазір таңда Ақтау қаласында антибиотиктер 18 атауда, вирусқа қарсы препараттар 9 атауда, қызу түсіретін дәрілер 17 атауда бар, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Айта кету керек, дәрінің жетіспеушілігі барлық өңірде де байқалып отыр. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі, облыстық провизорлар мен фармацевттер қауымдастығы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында дәрілік заттарға қажеттіліктің өсуіне қатысты мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасақталды.